#Желмая. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жаңа заңның ерекшеліктері қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті жанындағы әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Салтанат Тұрсынбекова бүгін «Желмая» жобасында қонақта болып, «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа заң жобасына қатысты бірқатар сұраққа жауап берді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заң қабылданса не өзгереді? Петиция жинап жатқандар жаңа заң жобасының қай баптарына қарсы шығуда? Егер әр балаға шаққанда пәтеріңіздің көлемі 15 шаршы метрден келмесе, мемлекет баланы тартып алатыны рас па? Полицейлер неге отбасылық кикілжіңдерге байланысты шағымдарға немқұрайлы қарайды? Тұрмыстық зорлық-зомбылық тек жағдайы төмен отбасыларда бола ма? Жаңа заң қабылданса, баласын шапалақпен ұрғандар да соттала ма? Зорлық-зомбылық болған жерден баланы алып кеткенде полиция оны қайда апарады? 


«Желмая» жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада мультимедиалық жоба.

Жобаның бұған дейінгі қонағы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов театр туралы ақпаратпен бөліскен болатын. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы