#Желмая. Тұрмыстық зорлық әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ғана тән емес – Гүлмира Шрахметова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының бүгінгі қонағы – Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімнің аға инспекторы, полиция подполковнигі Гүлмира Шрахметова. 

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың себебі неде? Зорлық-зомбылықтың қандай түрлері бар? Жәбір көрген әйелдерге қандай қолдау көрсетіледі? Әйеліне қол көтерген азаматқа қатысты полиция қандай шара қолданады? Карантин кезінде тұрмыстық зорлық көбейіп кетті деуге негіз бар ма? Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң біздің қоғамға қаншалықты қажет? Осы және өзге де сауалдарға Гүлмира Шрахметова «Желмая» жобасы барысыныда жауап берді.


«Желмая» жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.

Бұған дейін жобамыздың қонағы болған ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы Марат Қарабаев Қазақстандағы автоөндіріс туралы баяндап берген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы