#Желмая. Теріскейге көшу көбейсе, қазақ тілінің ауқымы кеңейеді – Бурахан Дақанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы көпшілікті теріскейге көшуге шақырып жүрген қоғам белсендісі, «Тәуекел» қоғамдық ұйымының жетекшісі Бурахан Дақанов «Желмая» жобасында айтты.
Қостанай облысында 13 мектеп жабылды деп жазыпты. Ал 13 мектеп жабылды деген сөз – демек, 13 ауылдың тынысы тоқтады деген сөз, - деп Дақанов теріскейдегі елді мекендерден халықтың көшуіне қатысты пікір білдірді.
Халық солтүстікке қоныстанса, қазақтілді атаулар пайда болатындығын алға тартты.
Қазақтілді дүкен атаулары пайда болады. Бізде «Екатерина», «Анна» сынды дүкен атаулары өте көп. Оны мойындау керек. Егер Солтүстік Қазақстанға келіп, мал асыраймын деген ойларыңыз болса, 3-4 айға жететін мал азығын дайындаймын деп есептеп келіңіздер. Ал біз келетін адамдарға аз болса да қолдау көрсетуге тырысамыз, - деді Бурахан Дақанов.
«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?
«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.
Бұған дейін «Желмая» жобасының қонағы Санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев болған еді.
«Желмаяның» толық нұсқасы сайтымызға 15:00-де шығады.