#Желмая. Қазақстан жастардың еңбегіне зәру - Мақпал Жұмабай
#Желмая жобасының бұл жолғы кейіпкері «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрайымының орынбасары Мақпал Жұмабай.
Мемлекеттік арналардың рейтинг қууы дұрыс па? Балалар контентіне байланысты проблема бар ма, бар болса қалай шешіліп жатыр? Балаға неше жастан бастап гаджет қолдануға болады? Қазір балалар не көріп жүр? Бала кітап оқуы үшін ен істеу керек? Бүгінгі ақындардың бет-бейнесі қандай? Осы жіне өзге де өзекті сауалдарға Мақпал Жұмабай жауап береді.
Ескерту. Желмая түсірілген кезде Мақпал Жұмабай жаңа қызметке тағайындалмаған болатын (министр кеңесшісі).
«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?
«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.
Бұған дейін «Желмая» жобасының қонағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің ресми өкілі Назым Жанғазинова болған еді.