#Желмая. Қаңтар оқиғасы. Президентке жалған ақпарат берген кімдер? Әділетті Қазақстанда өзгеріс бар ма?
Желмая жобасының бүгінгі қонағы адвокат, Президент жанындағы адам құқығын қорғау жөніндегі комиссияның мүшесі Абзал Бекбосынов.
Президентке жалған ақпарат берген кімдер? Елде сот жүйесі неге әлсіз? «Желмая» қонаға азамптауды неге сәнге айналып кетті деп айтты. Үкімет Қаңтар оқиғасынан сабақ алды ма? Не өзгерді? Статистика, өтірік есепті кім беріп отыр? Әділетті Қазақстанда өзгеріс бар ма?
«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?
«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.
Бұған дейін «Желмая» жобасының қонағы Қорғаныс министрлігі бақ-пен жұмыс басқармасының бастығы Руслан Жангулин болған еді.