#Желмая. Пандемия отандық туризмге қалай әсер етті?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Желмая" жобасының бүгінгі қонағы – "Kazakh Tourism" ҰК АҚ Іс-шаралар маркетингі департаментінің директоры Даниел Сержанұлы. 

Пандемия отандық туризмге қалай әсер етті? Реттелмеген, ұйымдаспаған туризмнің пайдасы қандай? Отандық туризмнің есігі жергілікті халық үшін қаншалықты ашық? Ішкі туризм бойынша қай өңір алда тұр? Туризм тек суға шомылумен шектеле ме? Экотуризмді дамытуға не кедергі? Туристік өнім шығаруға не жетіспей жатыр? Осы және өзге де сұрақтарға Даниел Сержанұлы сұхбат барысында толық жауап берді.


"Желмая" жобасы – бір кездерде бас қалаға білім іздеп, білік іздеп, кәсібін шыңдауға, өмірінде жаңа белес бағындыруға келген жандардың, билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

"Желмаяның" бұған дейінгі қонағы әнші, актриса Айгүл Иманбаева болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы