#Желмая. Қазақстандықтардың онлайн қызмет алудағы сауаттылығы артты ма?
"Желмая" жобасының бүгінгі қонағы "Азаматтарға арналған үкімет" МК басқарушы директоры – Мұрат Жұманбай.
"Желмая" жобасының бүгінгі қонағы "Азаматтарға арналған үкімет" МК басқарушы директоры – Мұрат Жұманбай.
Еліміздің Халыққа қызмет көрсету орталықтары карантин жағдайында жұмыс істеуге дайын болды ма? ХҚКО-ның қанша қызметкері ТЖ кезінде халыққа онлайн қызмет көрсетті? Қазіргі уақытта аталған орталықтар жұмысын қалай жалғастырып жатыр? Карантин режимінде қазақстандықтар 1 айда қанша қызмет алып үлгерді? Азаматтар неліктен қызмет түрлерін онлайн түрде емес, ХҚКО ғимаратына барып алғанды жөн санайды? Еліміздегі 700-ден астам қызметтің қаншасы онлайн түрде қолжетімді, ал қаншасы тек қағаз түрінде беріледі? Адамдардың онлайн қызмет алудағы сауаттылығы артты ма? Карантин кезінде азаматтардан қандай қызықты сұрақтар келіп түсті?
"Желмая" жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?
"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.
Жобамыздың бұған дейінгі қонағы ақын, шығыстанушы, құрантанушы ғалым, ұстаз Айнұр Әбдірәсілқызы болды.
- Қазақстан мен Малайзия жоғары оқу орындары академиялық ынтымақтастықты кеңейтуде 19:49
- Непалда су тасқынынан кейін мектептерді қалпына келтіруге $15 млн-нан астам қаржы қажет 19:10
- Астанада салынып жатқан бес қабатты үйден өрт шықты 18:08
- Президент БРИКС cаммитінде бірқатар елдің және халықаралық ұйымдардың делегация басшыларымен жүздесті 17:50
- Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті 17:15
- Ақмола облысында 148 гектар аумақтағы дала өрті сөндірілді 16:51
- Тегін берілетін дәріні заңсыз сатқан: 60-тан астам дәріхана мен медициналық ұйым жазаланды 16:15