#Желмая. Қазақстандықтардың онлайн қызмет алудағы сауаттылығы артты ма?

"Желмая" жобасының бүгінгі қонағы "Азаматтарға арналған үкімет" МК басқарушы директоры – Мұрат Жұманбай.

Еліміздің Халыққа қызмет көрсету орталықтары карантин жағдайында жұмыс істеуге дайын болды ма? ХҚКО-ның қанша қызметкері ТЖ кезінде халыққа онлайн қызмет көрсетті? Қазіргі уақытта аталған орталықтар жұмысын қалай жалғастырып жатыр? Карантин режимінде қазақстандықтар 1 айда қанша қызмет алып үлгерді? Азаматтар неліктен қызмет түрлерін онлайн түрде емес, ХҚКО ғимаратына барып алғанды жөн санайды? Еліміздегі 700-ден астам қызметтің қаншасы онлайн түрде қолжетімді, ал қаншасы тек қағаз түрінде беріледі? Адамдардың онлайн қызмет алудағы сауаттылығы артты ма? Карантин кезінде азаматтардан қандай қызықты сұрақтар келіп түсті?


"Желмая" жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Жобамыздың бұған дейінгі қонағы ақын, шығыстанушы, құрантанушы ғалым, ұстаз Айнұр Әбдірәсілқызы болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы