#Желмая. ҚР Елтаңбасы алғаш жасалғанда депутаттар талқысынан неге өтпей қалды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының бүгінгі қонағы – ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков.
Алғаш елтаңбаны ұсынғанда депутаттар неге қарсы шықты? Талқыға салғанда елтаңбадағы қандай символдар өтпей қалды? ҚР елтаңбасын жасауда қанша жоба қаралды? Қазіргі елтаңбаны таңдауға кімдер қолдау білдірді? Елтаңба қалай жасалды? Елтаңбаның алғашқы нұсқасы Ташкентте жасалғаны рас па? Осы және өзге де сауалдарға Жандарбек Мәлібеков сұхбат барысында жауап берді.
«Желмая» жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.
Бұған дейінгі жобамыздың қонағы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық шешімдер департаментінің директоры Бекболат Молдабеков болған еді.