#Желмая. Қазақ боксына қандай реформа керек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының кезекті қонағы – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, QAZAQ BOXING залының бапкері Мұхит Амантаев.
Қазақ боксшылары Токио Олимпиадасында неге жеңімпаз атана алмады? Біздің бокс бұрынғы орнында қалып қойды ма? Төрешілер тарапынан бұра тарту болды ма? Жас боксшылардың беталасы қандай? Боксты көтеру үшін көп қаражат керек пе? Боксшыларды жаттықтыратын әдісті өзгертетін уақыт келді ме? Үздік боксшыларды іріктеу қаншалықты әділ өтеді? Осы және өзге де сұрақтарға жоба қонағы сұхбат барысында жауап берді.
«Желмая» жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.
Бұған дейін жобамыздың қонағы «Қазақстан барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы, спортшы Бейбіт Ыстыбаев болған еді.