#Желмая. Фонограмма жоқ кезде өнер адамдары қалай ән айтқан?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының бүгінгі қонағы әнші, композитор Марат Омаров.
«Коронавирус, кет, кет» әні қалай туды? Пандемия өнер адамдарының шығармашылығы мен табысына қалай әсер етті? Әлемді шарпыған індет әншінің қандай жоспарларын кейінге шегерді? Қазіргі әндердің халық есінде қалмауына не себеп? Марат Омаровтың АҚШ-та үздік композитор атағын алғаны рас па? Әнші шабытты қайдан алады? Фонограмма жоқ кезде өнер адамдары әнді қалай айтқан? Фонограммадан түбегейлі бас тарту мүмкін бе? Осы және өзге де сауалдарға әнші, композитор Марат Омаров жауап берді.
«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?
«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.
Жобасының осыған дейінгі қонағы – «Қазақтелеком» АҚ мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл департаментінің директоры Әмірәлі Әжібекұлы болатын.