#Желмая. Дүние жүзінде ең алғаш болып омыртқаға күрделі ота жасадық – Серік Ақшолақов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының кезекті қонағы – Қазақстанның Еңбек Ері, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы, білікті нейрохирург Серік Ақшолақов. 

Инсульт ауруының жылдан-жылға жасарып келе жатқанының себебі неде? Жаңа туған балалар да инсульт ала ма? Білікті дәрігер осы уақытқа қанша ота жасады? Ең жасалған ота қанша сағатқа созылды? Отандық ғылым қандай жетістігімен мақтана алады? Ұлттық нейрохирургия орталығында жылына қанша бірегей ота жасалады? Академикті нағыз дәрігер қылған өмір сабақтары қандай? Сұхбат барысында осы және өзге де сұрақтарға нейрохирург Серік Ақшолақов жауап берді. 

«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Бұған дейін жобамыздың қонағы ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб муфти Ершат Оңғаров болған еді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы