#Желмая. Балалар жылында Білім министрлігі қандай іс-шараларды атқарып жатыр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының кезекті қонағы Білім және ғылым вице-министрі Ғани Бейсембаев.
Биыл 125 мың бала тегін грантта оқу мүмкіндігін алып отыр. 2025 жылға дейін 1000 мектеп салу жоспары бар, үлгереміз бе? Биыл мемлекеттік қаржыдан тағы 45 мың грант тағы қосылады. Бүкіл қоғамның балаларға деген көзқарасын өзгертуіміз керек. Балалар неге қараусыз қалып жатыр? 1300 ауылда мектеп жоқ. Балалар жылында Білім министрлігі қандай іс-шараларды атқарып жатыр? Осы және өзге де сауалдарға Ғани Бейсембаев жауап береді.
«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?
«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.
Бұған дейін «Желмая» жобасының қонағы Қазақстандық автобизнес қауымдастығының техникалық реттеу бойынша директоры Ербол Сейпілов болған еді.