#Желмая. Автонарық. 4 пайыздың жыры мен утильалым және көлік құны

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының кезекті қонағы Қазақстандық автобизнес қауымдастығының техникалық реттеу бойынша директоры Ербол Сейпілов.

Автосалонға ақшамен барсаң да дайын тұрған көлік жоқ, ал елде көлікке деген сұраныс өте жоғары. Атында көлігі бар адам өтініш бере ала ма? Автосалонда машина жоқ, бірақ сыртында жүрілген көліктер толып тұрады және олардың бағасы ішке қарағанда 1-2 млн-ға қымбат, неліктен? Несие бағдарламасына байланысты көліктің бағасы қымбаттап кетпей ме? Утильалым 50 пайызға арзандады, өзгеріп жатқан дүние бар ма? Ресейге салынған санкциялар автонарыққа қаншалықты әсер етіп жатыр? Осы және өзге де сауалдарға Ербол Сейпілов жауап береді.

«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Бұған дейін «Желмая» жобасының қонағы Конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі Бақыт Нұрмұханов болған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы