#Желмая. Конституциясы жоқ елдер қалай өмір сүріп жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Желмая" жобасының бүгінгі қонағы – саясаттанушы Қазбек Майгелдинов.

Әлемде алғаш рет Конституция қай кезде енгізілді? Дамыған елдердің кейбірінде әлі күнге дейін Конституция жоқ, ол қай елдер? Қандай жағдайда Ата Заңға өзгеріс еңгізіліп отырады? Кей азаматтар заңға бағынбайды, оған не себеп? Заңға бағынғысы келмейтіндерді халық сотына салу керек пе? ҚР Сот жүйесіне қандай реформалар жасалды? Қазіргі депутаттардың халық алдындағы бет-бейнесі неге төмен? Бұл жайында саясаттанушы Қазбек Майгелдинов «Желмая» жобасында айтып берді.



"Желмая" жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы