Желілерде жалған ақпарат тарауда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы судың улануы, вирусолог дәрігерлерді арнайы қонақ үйлерге қоныстандыру, балаларды емдеу және ауруханаларға жаппай қабылдау және реанимация туралы арнайы хаттама дайындау туралы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.Азаматтарды осындай арандатуларға бармауға және мемлекеттік органдардың ресми беттерінде жарияланатын ақпаратты ғана сенуге шақырамыз. Денсаулық сақтау министрлігі барлық қабылданған шешімдер, оның ішінде бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулылары және коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды емдеу хаттамаларындағы өзгерістер туралы азаматтарды барынша жедел хабардар етеді. Барлық ақпарат ашық және қол жетімді, – делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылды
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы