Желіге қыздардың төбелесін салған қыз халықтан кешірім сұрады

Әлеуметтік желіде оқушы қызды ұрып-соғып жатқан бейнежазбаны жария еткен қыз кешірім сұрады, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Мен әлеуметтік желіге қыздардың төбелесіп жатқан видеосын салғаныма кешірім сұраймын. Сөйлеген балағат сөздерім үшін де бүкіл елден кешірім сұраймын, – деді ол.

Сонымен қатар оның әкесі де қызын кешіруін өтінді.

Бүгін әлеуметтік желіде жасөспірімдердің оқушы қызды ұрып-соғып жатқан видеосы таралған болатын. Аталған факт бойынша іс қозғалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы