Желіде төбелескен қыздардың тағы бір видеосы жарияланды

НеМолчи.kz қоры белгісіз бір қыздың соққыға жығылғанын сипаттайтын кезекті видеоны жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған видеоны қор басшысы Дина Смайылова Telegram-дағы арнасында жариялады.

Бұған дейін ол Алматыда бір қыздың сабалып, тістері түсіп қалғанын айтқан болатын. Өзін зорлайды деп қорыққан қыз үшінші қабаттан секіріп кеткен.

Смайылова полицияның жәбірленуші шағымданудан бас тартты деген желеумен бұл істі мұрағатқа жібергенін айтады.

Смайылова жарияланған видеодан жәбірленуші қыз өзін ұрып-соққандарды танып отырғанын баса атап өтті.

Біздің қорғауымыздағы қыз осы видеодан өзіне қастық жасағандарды танып отыр. Оны тура осылай қатыгездікпен соққыға жыққан. Ол өзін дәл осы қыздар ұрып-соғып, еркектерге сатамыз деп қорқытқанын айтады, - деп жазады Дина Смайылова.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Архив BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы