Бүгiн 2026, 15:35 Фото: ©BAQ.KZ архиві

Желіде тараған видео: Алматыда лифтіде дәрет сындырған курьер жазаланды

Алматыда лифтідегі бейәдеп әрекет жұртты ашуландырды. Күдікті ұсталып, 5 тәулікке қамалды.

Алматыда көпқабатты тұрғын үйдің лифтісінде түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кадрлардан ер адамның лифт ішінде қоғамдық тәртіпке қайшы әрекеттер жасап, айналасындағыларға анық құрметсіздік танытқаны байқалады. Желі қолданушылары бұл әрекетті қатаң сынға алды.

Алматы қаласы Алмалы ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жедел түрде құқық бұзушының жеке басын анықтады.

Белгілі болғандай, ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция департаменті мұндай әрекеттердің заңға қайшы екенін ескертіп, қоғамдық тәртіпті бұзған әрбір адам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылатынын атап өтті.