Желіде намаз оқыған лаңкестер мен Дикий Арманның ұсталған кездегі видеолары жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Желіде Алматыдағы тәртіпсіздік кездерінде лаңкестердің намаз оқып жатқан видеосы тарады.
Видеода оқиға Алматыда 5 қаңтар сағат 19:10-да түсірілген. Онда лаңкестер Алматыдағы Президент резиденциясы алдында намаз оқып жатқынан көруге болады.
Сонымен қатар, Дикий Арманды ұстаған видео пайда болды.
7 қаңтар күні Ішкі істер министрлігінің арнайы жасаға арнайы операция кезінде "Дикий Арман" лақап атымен белгілі, қылмыс әлемінің серкелерінің бірі Арман Жұмагелдиевті тұтқындалған болатын.
Ол ұсталған кезде қарсылық көрсетуге тырысты. Алайда арнайы жасақтың шешуші тойтарысының арқасында оның қарсылығы нәтиже бермеді - деді ІІМ арнайы жасақ штабының өкілдері.
Алматы қаласында бұзақылар 6 қару-жарақ дүкенін тоналды.
3 қаңтар. Еліміздің батысындағы шерулерді қолдау мақсатында қалада заңсыз жиындар өтті. Қаланың әр түкпірінде екі жүзден 2 мыңға дейінгі азаматтар жиналған жиындар өткізілді. Жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ прокуратура қызметкерлері алдын-алу түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, бұл күні наразылық білдірушілер тарапынан өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді.
4 қаңтар. «Алматы Арена» мұз сарайының жанына 2 мыңға жуық наразылық білдіруші жиналды. Сондай-ақ Шығыс айналма жолының маңында бір топ адамдар заңсыз науқан өткізді. Қаланың басқа бөліктерінде жиналғандар саны 500-ден 2 мың адамға дейін жетті. Оларға да түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Барлық жағдайда полиция қызметкерлері бейбіт жиындар кезінде қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етудің бұрын әзірленген алгоритмі бойынша жұмыс істеді және қарусыз болды. Рысқұлов, Саин, Шығыс айналма жолы мен Төле би көшелерінің бойындағы жолдарды жауып, көлік қозғалысын тоқтату әрекеті жасалды. Барлық осы деректер бойынша полиция қызметкерлері оқиға орнына барды. Шерушілер санының артуына байланысты оларға лаңкестер мен радикалды экстремистер де қосылып, жиналғандарды билік пен полицияға қарсы агрессивті әрекеттерге бағыттап, әкімдік ғимаратын басып алуға шақырды. Барлық әрекеттер нақты және ұйымдастырылған болды.
Адамдар жиналған орындарға таяқ, бита, брусчатка, тастар, бөтелкедегі бензин және алкоголь ұйымдасқан түрде әкелінді.
Қала орталығындағы Төле би даңғылындағы тротуар тақталарын бөлшектей бастады.
Осыған орай, мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың өмірі мен мүлкін қорғау мақсатында арнайы жедел Жоспар енгіздім.
«Дабыл» бойынша гарнизонның барлық жеке құрамы көтерілді.
Қала көшелеріне саябақтарға, алаңдарға, қосымша полиция жасақтары мен Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері қойылды.
Стратегиялық нысандар мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын қорғау күшейтілді.
Бұл уақытта лаңкестер бір мезгілде қаланың әр жерінде патрульдік жасақтарға шабуылдай бастады.
Лаңкестердің басқа топтары бір уақытта қару-жарақ дүкендерін басып алды. Олар ол жерден қару-жарақ пен оқ-дәрілерді ұрлады. Барлығы 1347 қару ұрланған, оның ішінде 501 мылтық, 807 тегіс ұңғылы және 39 газ-травматикалық қару.
Осының барлығы нақты ұйымдастырылған, олардың іс-әрекетін топ жетекшілері үйлестірді.
Түскі уақытта кем дегенде 10 мың адамнан тұратын шабуылдаушылардың негізгі колоннасы басып алынған коммуналдық көліктердің көмегімен қоршауды бұзып өтіп, қала әкімдігін басып алуға әрекеттенді.
Оларға қарсы өлімге әкелмейтін құралдар – су атқыштар, жарықты-дыбыс шығаратын гранаталар, көзден жас ағызатын газ қолданылды.
Шабуыл жасаушылардың сан жағынан басымдығына қарамастан, полиция мен әскери қызметкерлердің жанқиярлық әрекеттерінің арқасында олардың ойлағаны жүзеге аспады.
Ғимаратты басып алудың екі әрекеті сәтсіз аяқталғаннан кейін наразылық танытушылар алаңнан кетіп қалды.
Кетер кезде олар 32 қызметтік көлікті, 5 өрт сөндіру көлігін өртеп жіберді.
Олар зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін келе жатқан 30-дан астам жедел жәрдем көлігіне де зақым келтірді.
5 қаңтар. Таңға дейін қала полициясы мен Ұлттық ұланның күшімен барлық баррикадалар толығымен жойылып, жолдарды жауып тұрған көліктер шығарылды. Қалада тәртіп орнады. 5 қаңтар күні таңертең әр аудан мен шет аймақтардан қала орталығына бір мезгілде 20 мың жиналды.
Олардың жүріп өтуіне жол бермеу үшін: Төле би, Назарбаев, Саин-Райымбек, Сейфуллин-Райымбек көшелеріне қоршаулар қойылды.
Сандық артықшылық пен қаруды пайдалана отырып, қызметкерлердің жанқиярлық әрекеттеріне және қолданылған арнайы техникаға қарамастан, олар бірнеше қорғаныс шебін бұзып өтіп, полицейлерге дене жарақатын салып, көліктерге зақым келтірді.
Одан әрі Республика алаңына жиналған мыңдаған шабуылшылар әкімдік ғимаратын басып алуға тағы әрекеттенді.
Шектеулі кеңістікті және әкімдіктегі адамдардың тығыздығын ескере отырып, полиция қызметкерлері қаруды қолданбады, өйткені көптеген адам шығынына әкелуі мүмкін еді. Осыған байланысты полицейлер қару қолданбай шегінуге мәжбүр болды.
Шабуылшылар әкімдікті тонап, өртеу арқылы дүние-мүлкін бүлдіре бастады.
Полиция қызметкерлері мен әскери оқу орнының курсанттарын ұрып-соғып, мазақ қылып, арнайы құралдары мен киімдерін тартып алған.
Дәл осы уақытта қаланың әр жерінде содырлардың көптеген топтары полиция жасақтарына оқ жаудырып, қаланы қиратуға кірісті.
Қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні содырлар полиция Департаментін, Алмалы, Жетісу, Әуезов, Бостандық аудандық бөлімшелерін және жергілікті полиция қызметінің ғимаратын қарулы басып алуға әрекеттенген. Осыған байланысты, ғимаратты қорғау, сондай-ақ әскери қарудың ұрлануын болдырмау мақсатында шабуыл жасағандарға қаур қолданылды.
6 қаңтар күні режиссер Сәкен Битаев өлтірілді. Сол күні кешкі 9:30 шамасында Алматы қаласы Әкімдігінің жанында әкім Бақытжан Сағынтаевтың кортежіне де оқ жаудырылды.
Қастандық салдарынан «Алматы» телеарнасының қызметкері қаза тауып, тағы үш адам, оның ішінде әкімдіктің екі қызметкері жараланды. Әуежай басып алынды. Тәртіпсіздіктер кезінде 356 көлік зақымданды және жойылды, оның ішінде 163 полицияның қызметтік көлігі бар. Мәжбүрлі шектеулерге шыдамдылық танытуды сұраймын, сабырлық сақтауға және әсіресе лаңкестікке қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатқан аумақтарда сақтық шараларын сақтауға шақырамын. Арандатушылыққа ермеңіз және барлық күдікті фактілер мен адамда туралы полицияға хабарлаңыз, - деді қаланың Полиция департаментінің басшысы.