Желіде Атырау мектептеріндегі бомба туралы қауіпті жазба пайда болды

Әлеуметтік желіде №40, 8, 38 мектептер мен екі «Бином» мектебіне жарылғыш заттар қойылды деген қауіпті жазба пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Atyrau Online-ның Атырау облысының полиция департаментіне сілтеме жасап жазу бойынша, қазір құзырлы органдармен бірлесіп, аталған ақпаратты таратқан тұлғаларды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізілуде.

Білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, оның ішінде бейнебақылау мен полицияның қатысуын арттыруға баса назар аударылатыны атап өтіледі.Білім беру ұйымдарында қолжетімділікті бақылау қолға алынды, - делінген хабарламада.

Полиция мұндай жалған хабарламалар жыл басынан бері бірнеше қалада тарағанын еске салды.

Бұл хабарламалар халық арасында дүрбелең тудыру мақсатында жасалып отыр. Азаматтардан арандатушылыққа бой алдырмауды және сабырлық сақтауды сұраймыз! Жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында, - деп атап өтті ПД өкілдері.

Айта кетейік, соңғы уақытта мектептерде жарылыс жасау, қылмыстық әрекеттер ұйымдастыру сынды түрлі қауіпті жазбалар көбірек тарап жатыр. Құқық қорғау саласының қызметкерлері дер кезінде сауатты әрекет жасауда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы