Желіде Антикор төрағасы атынан ашылған жалған аккаунттар анықталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әлеуметтік желілерде Агенттік басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар мен парақшалар ашу деректері тіркеліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Антикорға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Facebook желісінде Агенттік төрағасы Асхат Жұмағалидің атынан жалған парақша анықталды. Бұл парақша ресми емес және Асхат Жұмағалидің жеке парақшасына қатысы жоқ, - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда жалған парақшаны бұғаттау жұмыстары жүргізілуде.
Төрағаның ресми парақшалары тек келесі сілтемелер арқылы қолжетімді:
Facebook: https://www.facebook.com/ashatzhumagali
Instagram: https://www.instagram.com/askhatzhumagali79
Төрағаның атынан таратылған күмәнді ақпараттарға сенбеуді сұраймыз. Мұндай жағдайларды немесе алаяқтық әрекеттерді байқаған жағдайда, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына дереу хабарлауыңызды өтінеміз, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
FocusEconomics: Экономикалық зерттеулер институты марапатталды
Өзгелердің жаңалығы