Желіде 10 айлық баласын аяусыз соққыға жыққан әйел туралы видео пайда болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталған видеоға байланысты Павлодар полициясы тергеп тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Әлеуметтік желілерде тұрғын үй подъездерінің бірінде түсіп қалған видео жарияланды. Онда жас келіншектің баланы коляскадан суырып алып, жұлқылап, аузына асқан жауыздықпен емізікті тыққылағаны бейнеленген. Кейіннен келіншек камерадан тыс жерге шығып кетеді де, кадрда оның қолдары ғана көрінеді. Шамамен әйел баланы соққыға жыққанын жалғастырған болуы мүмкін.Аталған дерек қалалық полицияның Солтүстік бөлігінде тіркелді. Белгілі болғандай, 1989 жылғы әйел баланың анасы екен. Оған қатысты ҚР ҚК 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлады Павлодар облысы ПД бастығы Нұрлан Мәсімов.
Полицейлердің айтуынша, баланы дәрігерлер тексерді. Қазір оның өміріне төніп тұрған қауіп жоқ, дегенмен ол ауруханаға жатқызылды.
Ведомство өкілдері жас ананың үш бірдей кәмелетке толмаған баланы жалғыз өсіріп отырғанын атап өтті. Олар 14 және 12 жастағы балалар және видеоға түсіп қалған 10 айлық бала.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астананың Е 306 көшесінде жөндеу жүргізіледі
Өзгелердің жаңалығы