Железин ауданында ірі сүт фермасы салынуда – Павлодар облысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл – аудандағы 1,9 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жобалардың бірі, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Железин ауданының әкімі Қанат Кашкиров Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мал шаруашылығын дамыту туралы баяндады.

Веселорощин ауылдық округінде «Астық-ПВ» ЖШС 600 басқа арналған  тауарлы сүт фермасын салуды жоспарлап отыр, – деді спикер. – Құны 1,9 млрд теңге болатын осы жобаны іске асыру бойынша «Жол картасы» әзірленді. Рұқсат құжаттары алынды.

Кешен құрылысын тамыз айында аяқтап, қыркүйек айында мал әкелу жоспарлануда. 

Железин фермерлері «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасына белсенді қатысуда. Жыл соңына дейін Ресей мен Еуропадан 600 бас ірі қара мал, сондай-ақ жергілікті шаруашылықтар жеткізе алатын екі мыңға жуық ұсақ мал келуі тиіс.

Спикердің айтуынша, соңғы үш жылда ауданда ауыл шаруашылығы малдары санының және өнім өндіру көлемінің тұрақты өсу үрдісі сақталып отыр. 

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді орта есеппен 4%  арттыру жоспарланып отыр, – деп нақтылады Қанат Кашкиров. – «Сыбаға» бағдарламасының арқасында ет өндіру көлемі 6 мың 693 тоннаны құрап, 104%   артты, сондай-ақ ірі қара мал өсіру бойынша 10 шаруашылық және ұсақ мал өсіру бойынша бес шаруашылық ашылды.

2021 жылы железиндіктер мал мен құс етін өндіру, сиыр сүтін сауу, өнімділікті арттыру есебінен ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің 3,9% өсуін қамтамасыз етуге ниетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы