Желдібай ЕҚЫҰ өкілдерімен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібай ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі Тереза Рибейромен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Сондай-ақ кездесуге Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің басшысы Фолькер Фробарт пен ЕҚЫҰ БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі кеңсесінің директоры Юрген Хейссель қатысты.

Әңгімелесу барысында тараптар масс-медиа саласындағы заңнаманы жетілдіру және Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту бағытындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы