Жел күшейіп, жаяу бұрқасын болады

«Қазгидромет»РМК-сы 19-шы ақпан күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 19-шы ақпанда Скандинавия циклонның жырасымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстан Республикасының басым бөлігінде күн құбылмалы болады.

Соған байланысты қар жауып, жаяу бұрқасын болады, еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын қар және жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы