Жексенбіге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 5 сәуір күні республиканың басым бөлігінде ауа ағынының өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, тек шығыста және оңтүстік-шығыста ауа райы ашық болады деп болжайды.
Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Қызылорда облысында түнде және таңертең найзағай жарқылдайды, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Ақмола облысында кей жерлерде найзағай жарқылдап, тұман түседі, 15-20 м/с дейін жел күшейеді.
Атырау, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдайды.