Жексенбіде еліміздің басым бөлігінде қар жауады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 24 қарашаға арналған ауа райы болжамымен бөлісті.

Атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен республиканың басым бөлігінде қар жауады, оңтүстікте жауын-шашын, көбінесе қар түрінде жауады, тек еліміздің батыс бөлігі антициклон жотасы ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді, - делінген хабарламада.

Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 17-22, екпіні 25 м/с күшейеді. 

Түркістан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Ақмола облысының кей жерінде бұрқасын күтіледі, күндіз кей жерде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ,  Жамбыл облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, бұрқасын күтіледі. 

Қарағанды облысының күндіз кей жерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын  күтіледі. 

Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы