Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

"Қазгидромет" ертең, 15 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болатынын болжады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Ақтөбе қ.: 15 желтоқсанда түнде жаяу бұрқасын күтіледі.

Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз облыстың басым бөлігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 15 желтоқсанда күндіз қатты жауын-шашын (көбінесе қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Алматыда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Қонаев қ.: 15 желтоқсанда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18-23 м/с.

Қарағанды облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, бұрқасын. Түнде және таңерең облыстың оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Қарағанды қ.: 15 желтоқсанда жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, облыстың орталығында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, бұрқасын. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Жезқазған қ.: 15 желтоқсанда түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, күндіз солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 15 желтоқсанда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: 15 желтоқсанда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. Облыстың солтүстік бөлігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында 15-20, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 23-28 м/с.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 23-28 м/с. Семей қ.: 15 желтоқсанда күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 15 желтоқсанда түнде және таңертең жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с. Петропавл қ.: 15 желтоқсанда түнде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 15 желтоқсанда кей уақытта жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 15 желтоқсанда түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 15 желтоқсанда жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астанада түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кей уақыттарда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы