Жексенбіде ауа райы қандай болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жексенбі Қазақстанның бес өңірінде қатты жел мен найзағайға байланысты дабылды ескерту жарияланды

Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың ықпалынан құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түсуі ықтимал. Тек батыста күн ашық болады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстік-батыста тұман түседі. 

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің екпіні 23-28 м/с-ке жетіп, кей жерде найзағай ойнайды, бұршақ түсуі ықтимал, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде дауыл соғады.

Қостанай облысында желдің күші - 15-20, екпіні - 23 м/с, кей жерде найзағай, дауыл, тұман күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Павлодар облысында жел 15-20, кей жерде екпіні 23-28 м/с болады, кей жерде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ түседі.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерде найзағай, дауыл, жел күшейеді, бұршақ жауады.

Ақтөбе облысында күндіз жел 17-22 м/с-ке дейін күшейеді, кей жерде бұршақ түсуі мүмкін, кей жерде найзағай, дауыл, тұман болжанып отыр.

Алматы облысының кей жерінде найзағай күтіледі, жел 18-28 м/с-ке дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерінде найзағай ойнайды, күндіз кей жерде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейіп, шаңды дауыл тұрады, Қызылорда облысында таңертең және күндіз найзағай болады.

Түркістан облысының кей жерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Нұр-Сұлтанда найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +8 +10, күндіз +18 +20 градус болады. Жел секундына 20 метрге дейін күшеюі ықтимал. 

Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Түнде ауа температурасы +10 +12, күндіз +20 +22 градус болады.

Шымкентте күн алабұлтты, жаңбыр жаумайды, түнде +15+17, күндіз +26+28 градус.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы