Жексенбі, 8 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 қарашада республика аумағының басым бөлігіндегі ауа райына Мурманск аймағынан келетін циклон ықпал етеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы Мурманск аймағынан жылжып келетін циклонға байланысты болады.
Соның әсерінен жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде) жауады, оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр күтіледі.
Республиканың кей жерінде жел екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Тұман түсіп, көктайғақ болады, солтүстікте жаяу бұрқасын көтеріледі.
Тек еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығысы антициклон ықпалында болғандықтан жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.
Ақмола облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде жел екпіні - 25 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде желдің күші 23-28 м/с жетеді.
Жамбыл облысының кей жерінде жел екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.
Түркістан облысының кей жерінде жел жылдамдығы - 23-28 м/с.
Маңғыстау, Павлодар, таңертең және күндіз Қызылорда облыстарының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман түседі, күндіз желдің қарқыны - 15-20 м/с. Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерінде көктайғақ болады.
Қарағанды облысының кей жерінде тұман түседі, жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерінде түнде тұман түседі, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде желдің күші 25 м/с жетеді.
Күндіз Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел екпіні - 25 м/с.