Жексенбі, 23 қаңтарға арналған ауа рай болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 23 қаңтарда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Қазгидромет.
23 қаңтарда Атырау облысының батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында және орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
23-24 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы, тау бөктерлі аудандарда тұман cақталады. 24 қаңтарда шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда күші 15-20 м/с.
Шымкент қаласында 23-24 қаңтарда кей жерде тұман күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі.
Қызылорда қ.: 23 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
КВИ-ге шалдыққан 121 пациенттің жағдайы өте ауыр
Өзгелердің жаңалығы