Жексенбі, 19 мамырға арналған ауа райы болжамы
Республиканың басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша, 19 мамырда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, республиканың орталығында күн күркірейді, жаңбыр, бұршақ жауады.
Республика бойынша шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді. Еліміздің оңтүстігінде жел соғады, солтүстік-батыс пен солтүстікте тұман түседі.
Қарағанды облысының орталығында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, солтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының орталығында, батысында, Батыс Қазақстан облысының орталығында, Түркістан облысының шөлейт аймақтарында жоғары өрт қаупі бар.
Абай облысының оңтүстігінде, Үржар ауданында, Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қаупі бар.