Жексенбі, 15 қазанға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 15 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, еліміздің бірнеше облысында дауыл болатыны туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қазақстан Республикасының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын жауып, республиканың шығысында қар аралас жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ түнде және таңертең республиканың барлық аумағында тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен Орал қаласында тұман күтіледі.
Түркістан облысының таулы аймақтарында 1 градус аяз сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Облыста желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел 15-20 м/с.
Қостанай облысының оңтүстігі мен батысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде және Петропавл қаласында желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Астанада желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және Қарағандыда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түнде солтүстікте, күндіз оңтүстікте, Павлодар облысының батысында және Павлодарда жел күтіледі, екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында және Ақтөбе қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.