Жекпе-жектен Әлем чемпионатында Қазақстан 1-орынды еншіледі
Астана қаласының Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 16-18 маусымда өткен VII Әлем чемпионаты Қазақстан құрамасының жарқын жеңісімен аяқталды. Қазақстан жекпе-жекшілері 21 алтын, 19 күміс, 21 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әлем чемпионатының алтындарын елімізге Медет Кожбанов, Ердаулет Жеңіс, Ільяс Мұхамадиев, Мәди Райхан, Дәулет Темірханов, Сергей Вальтер, Мақсат Бекмұханбетов, Тимур Шалов, Бақытбек Баймұханбетов, Қайрат Мұқанбеков, Санжар Жанбатыров, Аида Хайруллина, Шынар Кенжебаева, Сая Жанаева, Данияр Қойшыбек, Сора Рахмонова, Ұлан Мұқашев және басқалары сыйлады.
Чемпионаттың күміс медальдарын Серік Әбіров, Андрей Тирешин, Арай Мусина, Сая Әуелбекова, Аманбек Жаманқараев, Әлихан Сеитов, Айдын Үмбетов, Нұрсұлтан Бекбатшаев, Демей Бексұлтан, Хайдар Есенғалиев, Бек Насихатов, Сағыныш Асылбекова, Евгения Смоленкова, Бақтияр Мұратбек, Аида Хайруллина, Диана Жұмағазиева, Сауран Арапбай және басқалар жеңіп алды.
Қола жүлдеге Амина Шайменова, Шынар Кенжебаева, Әсел Жұмақаева, Шынар Баймұрзина, Алексей Беликов, Сергей Бредихин, Ардақ Мәдимұхаметов, Әділжан Авакри, Абылай Табанов, Саида Хасенова, Арман Ахашов, Владимир Саакян, Мақсат Бекмұхамбетов және басқалар ие болды.
Жалпыкомандалық есепте екінші орында – Ресей Федерациясы командасы, оның үлесінде 7 алтын, 7 күміс және 15 қола медаль бар. Медаль саны бойынша үшінші орында Өзбекстан құрамасы, оның қоржынында 7 алтын, 6 күміс және 12 қола медаль бар.
Медальдық есепке енген командалар қатарында Молдова (1 күміс және 1 қола медаль), Қырғызстан (6 қола), Таиланд (3 қола) бар.
Әлем чемпионатына 32 елден 312 спортшы қатысты (Әзербайжан, Армения, Ауғанстан, Беларусь, Болгария, Венесуэла, Венгрия, Гана, Германия, Греция, Үндістан, Иордания, Иран, Испания, Италия, Қырғызстан, Молдова, Монғолия, Пәкістан, Польша, Ресей Федерациясы, Румыния, Тәжікстан, Таиланд, Өзбекстан, Сирия, Сьера-Леоне, Ливан, Түркия, Чехия, Швейцария).
«Жекпе-жек» түрінде әлем біріншілігінің медальдары үшін 17 салмақ дәрежесінде 118 ер және 43 әйел спортшы сайысты. «Өзін өзі қорғау» түрінде 16 салмақ дәрежесінде 129 ер және 32 әйел күш сынасты.