Жекпе-жек федерациясының президенті кінәлі деп танылды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Жекпе-жек» ҚБ федерациясының президенті Е.Әлімбетовке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол 2021 жылы Алматы қаласында өткен «Жекпе-жек» спорт түрінен әлем чемпионатының хаттамаларын қолдан жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 3 миллион 692 мың теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Жалған құжаттарды пайдалана отырып, Әлімбетов спортқа қатысы жоқ адамдарға «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» және «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» спорттық атақтарын беруге өтінімдер берген, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров.

Ол үкім заңды күшіне енгенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық аралас жекпе-жек күрескері А.Әшімов жалған спортшыларға спорттық атақтарды негізсіз беру туралы бейнежолдау жариялаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аталған жарияланымға байланысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеп, жалған спортшылар спорттық атақтарынан айырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ -архив
Өзгелердің жаңалығы