Жекпе-жек алдында Головкин мен Альварес көз арбасты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Канело Альварес өзінің үшінші жекпе-жегі қарсаңында көз арбасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл – боксшылардың жаттығу лагеріне аттанар алдындағы соңғы кездесуі.

Үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді, ол арада трилогияның алғашқы екі жекпе-жегі өткен.

Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің алдыңғы екі жекпе-жегі 2017 және 2018 жылдары өтті. Бірінші кездесу дау-дамаймен аяқталды, ал 12 айдан кейін болған екінші жекпе-жекте мексикалық төрешілердің басым бөлігінің шешімімен жеңімпаз деп танылды.

Мамыр айында Альварес жеңіл салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін таласта ресейлік Дмитрий Биволдан жеңіліп, өз мансабындағы екінші жеңілісімен бетпе-бет келді.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы