"Қорғас" Алматы облысының коммуналдық жекешелігіне берілді
Алматы, BAQ.KZ. "Қорғас" Шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы Алматы облысының коммуналдық жекешелігіне берілді. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.
"Қазіргі уақытта "Қорғас" Шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы" АҚ-да үлкен өзгерістер орын алды. Ол Алматы облысы коммуналдық жекешелігіне өтті. ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 19 наурыздағы №121 қаулысымен "Қорғас" Шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы" АҚ-ның мемлекеттік акция пакеті 100% көлеммен Алматы облысы қаржы басқармасы мемлекеттік мекемесіне берілді», - делінген хабарламада.
Хабарламада осы қаулы бойынша "Қорғас" Шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы" АҚ республика жекешелігіндегі ірі мекемелер тізімінен алынғаны айтылады.
Еске салсақ, 14 наурыз күні аталған орталық сатылу алдында тұрғаны айтылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде екі жоғарғы оқу орны сатылады
Өзгелердің жаңалығы