Жекелеген азаматтар заңсыз наразылық акциялар өткізуге шақыруда – Сәденов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада қаладағы жағдай полицияның толық бақылауына алынды. Қалада 5-19 қаңтар аралығында төтенше жағдай жарияланды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан полиция департаментінің бастығы Ерлан Сәденов «Хабар 24» арнасында айтты. 

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, соңғы күндері жекелеген азаматтар тобы ескертулерге қарамастан заңсыз наразылық акцияларын өткізуге шақыруда. Осыған орай, Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, 5-19 қаңтар аралығында елордада ТЖ енгізілді. Нұр-Сұлтан қаласының коменданты ретінде ішкі істер органдары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр, - деді Сәденов. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан бойынша төтенше жағдай жарияланды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы