Жеке үйін салуға әскери қызметшілерді пайдаланған Күлшімбаевқа жаза кесілді
Төтенше жағдайлар жөніндегі бұрынғы бірінші вице-министр И.Күлшімбаев 5 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Үкімді Ақмола гарнизонының әскери соты шығарды.
Ол өзінің жеке үйін салу үшін әскери қызметшілер мен арнайы техниканы тарту туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық бағынысты мекемелерінің басшылығына заңсыз нұсқаулар беру арқылы билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ресми өкілі Данияр Бигайдаров брифингте.
Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза берілді.
Сот Мемлекет басшысының атына Күлшімбаевты генерал-майор әскери атағынан айыру туралы ұсыныс енгізуге қаулы етті. Үкім заңды күшіне енген жоқ, – деді Бигайдаров.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алдағы күндері жел екпіні күшейеді
Өзгелердің жаңалығы