28 Қараша 2026, 21:18 Фото: ТЖМ телеграм каналы

Жеке тұрғын үй өртенді

Павлодар облысында құтқарушылар мен «Ауыл құтқарушылары» еріктілерң жеке тұрғын үйдегі өртті сөндірді.

112 пультіне Кемеңгер ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер дереу өртті сөндіруге кірісті. Өртті сөндіруге Кемеңгер ауылындағы «Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру бекетінің еріктілері де қосылды.

Бірлескен күш-жігердің арқасында өрт 60 шаршы метр аумақта толығымен сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.