Жеке тұлғаның мәселелерін қоғамдық кеңес арқылы билікке жеткізу керек

Қоғамдық кеңестердің ІІІ кезекті республикалық мәжілісі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Бүгінгі таңда Қазақстанда 256 қоғамдық кеңес өз қызметін республикалық және жергілікті деңгейде атқарып келеді. Қазіргі уақытта қоғамдық кеңестердің құрамында 4000-ға жуық адам тартылған. Оның 86 проценті азаматтық қоғам өкілдері, - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі. 

Қазақстанда қоғамдық кеңестер туралы заң 2015 жылы қабылданған болатын. Қоғамдық кеңестер құрудың негізгі мақсаты республикалық және жергілікті деңгейлерде талқылау және шешімдер қабылдау кезінде азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және орталық жергілікті атқарушы органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.  

Қоғамның және жеке тұлғаның мәселелерін қоғамдық кеңес арқылы билікке жеткізу керек. Бұл – күрделі мәселе. Қоғамдық кеңестердің функциясы мәселені көру, көрсету және мүмкіндігінше оны шешу жолдарын ұсыну, - деді қоғамдық кеңес мүшесі Бейбіт Мамыраев.

Сонымен қатар, ол Қоғамдық кеңестердің құрамында білікті, саланы білетін, өңірлердің даму процестерімен таныс, қылмыстан таза адамдар болу керегін атап, билік пен қоғамдық кеңес қарым-қатынасын жақсартудың негізін атады.   

Билік пен қоғамдық кеңестердің ара қатынасын дамытудың негізі – қоғамдық кеңестерге де, билікке де халықтың сенімін қайтару. Өйткені бүгін халық сене қоймайды. Сенімді қайтарудың жолы біреу-ақ, тек қана нақты іспен, - деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы