Жеке тұлғаларға азық-түлік сатқан дүкендер ілеспе жүкқұжаттар рәсімдей ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеке тұлғаларға азық-түлік пен тұрмыстық тауарларды сатқан дүкендер бақылау-касса машинасының чегін беруге міндетті. Ал осы жағдайда дүкен иесі тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын рәсімдеуге міндетті ме? Темекі өнімдерін сатушылар 2Д сканерін сатып алмауы үшін нені білуі керек? Осы сұрақтарға Мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді.
 

Жыл басынан бастап тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды кезең-кезеңімен енгізуді көздейтін пилоттық жоба іске қосылды.

Жеке тұлғаларға азық-түлік пен тұрмыстық тауарларды өткізу кезінде бақылау-касса машинасының чегі беріледі. Маңызды: тауарларға ілеспе жүкқұжаттар рәсімделмейді (Қағидалардың 71-73-тармақтары).

Сатып алушылар 14 күн ішінде сатып алынған тауарды қайтаруға құқылы екенін ескере отырып, Виртуалды қоймадан сатылған тауар 16 (он алтыншы) күнтізбелік күнінде есептен шығарылады. Есептен шығару ЭШФ ақпараттық жүйесінде бақылау-касса машиналары чектерінің деректері негізінде автоматты түрде жүргізіледі.

Сонымен қатар, алкоголь мен темекіні бөлшек саудада өткізушілер үшін (дүкендер, супермаркеттер, мейрамханалар, барлар және т.б.) жеткізушіден тауар алған кезде "Электронды шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды растау түрінде қосымша талап бар. Одан әрі сату кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттар тек ерікті негізде рәсімделеді, - делінген ақпаратта.

Темекі өнімдерін сату үшін 2Д сканерге балама ретінде "Naqty Sauda" (Android және IOS) тегін мобильді қосымшасын пайдалануға болады.

Кәсіпкерлерді қолдау және мәселелерді талқылау үшін "MarkirovkaQoldau" Telegram-чаты белсенді жұмыс істейді. 2021 жылғы 18 ақпаннан бастап тауарларды таңбалау жөніндегі бірыңғай оператор ("Қазақтелеком"АҚ) "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп, Тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу бойынша арнайы оқыту бағдарламасын іске қосты.

 

 

 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы