«Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заңның мақсаты неде?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бірінші қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заңның мақсатын түсіндірді.
Вице-министр атағандай, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын» қабылдау қаралып жатыр.
Заңның басты мақсаты – Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.
Бүгінгі күні азаматтардың едәуір бөлігі өздерінің қаржылық жағдайларының нашарлауымен бетпе-бет келді. Себептері әр түрлі. Мысалы, жұмысынан немесе жұмыс қабілетінен айрылуы, жалпы экономикалық құлдырау аясында әл-ауқат деңгейінің төмендеуі, - деп айтты Марат Сұлтанғазиев.
Оның мәліметіне сәйкес несиелік бюроның ақпаратына сәйкес бүгін бір млн-нан астам азамат несиелерді өтеу мерзімін бұзуға жол берген. Олардың басым бөлігі банкроттық рәсімін қолдана алады, бірақ олар белгілі шектеулерге дайын болулары керек.
Коронавирустық инфекция бойынша шектеулі карантиндік шаралардың енгізілуімен және экономиканың төмендеуімен жеке тұлғалардың борыштарды өтеу жағдайы нашарлады. Бұл адамдардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру керек, ол үшін азаматтардың банкротқа ұшырау механизмі ұсынылып отыр, - деп түсіндірді Қаржы министрлігінің өкілі ОКҚ-да.