Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасы қайта талқыланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов халықпен есепті кездесуінде жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасы қайта талқыланып жатқанын айтты.
Қаржы министрінің айтуынша, бұрын заң жобасы 2021 жылға кейінге қалдырылып, бірақ талқылау қайта басталғанын айтты.
«Бұл сұрақ соңғы уақытта жиі қойылады. Бізде мұндай заң жобасы бар және Қаржы министрлігі алаңында Ұлттық банк, ҰЭМ, Әділет министрлігі және басқа да мемлекеттік органдардағы әріптестерімізбен қайта талқылауды бастадық. Бұған дейін былтыр бұл мәселе қаралған кезде заң жобасын қабылдауды 2021 жылға кейінге қалдыру туралы шешім қабылданған еді. Басшылықтан осыған қатысты тиісті қарар болды», - деді Смайылов.
Ол бұл мәсселенің қызу талқыланып жатқанын айтты.
«Мәселе қайтадан көтерілетіндіктен, біз осы мәселеге оралуды жөн көрдік. Қазіргі уақытта Ұлттық банктегі әріптестерімізбен ортақ пікірге келсек, өйткені олар біздің негізгі қарсыластарымыз. Бірақ біз адамдардың кейбір оңалтудан өту мүмкіндігі болу үшін қандай да бір түрде ымыраға келу керек деп есептейміз», -деді Смайылов.