Жеке тұлғалар үшін қарыз төлемдерді 90 күн кейінге қалдыру ұсынылды

Алматы, BAQ.KZ. Екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдары коронавирустың таратылуына байланысты өз клиенттеріне қашықтан қызмет көрсету сервистеріне өтуде. 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейдегі банктермен және микроқаржы ұйымдарымен бірлесіп халық және қаржылық жай-күйі коронавирустың таратылуына байланысты нашарлаған бизнес үшін тәуекелдерді жұмсарту шараларын пысықтады.

Бұл қиын жағдайда барлық банктер мен қаржы ұйымдары клиенттердің операциялық залдарға бармай оларға барынша қашықтан қызмет көрсету режиміне қарай өз жұмысын реттеуде. 
Қазақстанда төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде банктер мен микроқаржы ұйымдары жеке тұлғаларға банктік қарыз шарттары бойынша төлемдердің өтуі бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемейді. Кепілсіз тұтынушылық қарыздары ресімделген жеке тұлға клиенттерге 90 күннен астам мерзімі өткен жағдайда, банктер және микроқаржы ұйымдары пайыздық сыйақы есептемейді, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ қаржылық жай-күйі коронавирустың таратылуына байланысты нашарлаған жеке тұлғалар үшін қарыздар бойынша төлемдерді 90 күнге кейінге қалдыру ұсынылады. 
Банктер және микроқаржы ұйымдары төлемдерді кейінге қалдыруды жеке тәртіппен ұсынады. Мысалы, Kaspi Bank жұмысын жоғалтқан және соның нәтижесінде уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған адамдар үшін төлемдерді төлеу мерзімін 2 айға кейінге қалдыру бойынша өз бағдарламасын іске қосты. Коронавирустың таратылуына байланысты зардап шеккен жеке кәсіпкерлер және ШОБ субъектілері үшін кредиттер бойынша міндеттемелерді орындау бойынша 90 күнге дейін мерзімін кейінге қалдыру ұсынылады. Бұдан басқа, ТЖ енгізілуіне байланысты туындаған төлемдерді кешіктіргені бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейді, - делінген хабарламда.

Осындай шаралар кәсіпкерлерге ШОБ-қа қызметкерлерді қысқартпай, олардың жалақы бойынша барлық тиесілі төлемдерін сақтай отырып қашықтан жұмыс істеуге көшіруге көмектеседі.
Қаржы мекемелерінде көп адам санының жиналуын болдырмау үшін клиенттердің онлайн-жазылуы ұйымдастырылғанын еске саламыз, барлық қызметтерді қашықтан, электрондық почта, "банк-клиент" жүйесі, ұйымның интернет-ресурсы, мобильдік қосымша және басқа да байланыс құралдары арқылы алуға болаы. Банктердің жұмыс істеу режимі және қаржылық қызметтердің тұтынушыларды қолдау шаралары туралы ақпарат  www.finreg.kz. сайтында орналасқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы