Жеке сот орындаушыларының палатасы Алматыдағы атысқа қатысты түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы қайғылы оқиғаға байланысты Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы қаза тапқан жеке сот орындаушыларының отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.

Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы Алматыда 20 қыркүйекте сот қаулысын орындау кезінде қаза тапқан жеке сот орындаушыларының отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Марқұмдардың артында отбасы және кәмелет жасына толмаған балалары қалды. Аталған үйден шығару жөніндегі орындау өндірісі екі жеке тұлғаның арасындағы келіспеушілікке қатысты болған. Мүлік меншігі құқығы тіркелген адам баспананы электронды сауда-саттықта сатып алған, ол бұрынғы тұрғындарды көшіріп жіберу жөнінде сотқа жүгінген. 2020 жылы 10 маусымда сот аталмыш өтінішті қанағаттандырды. Борышкерге былтырдан бері бірнеше рет сот шешімін орындау қажеттілігі жөнінде ескертілген. Баспанадан шығару жөніндегі сот шешімін орындау кезінде бес адам қаза тапты Жеке сот орындаушыларының кәсіби қауымдастығы тарапынан қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек және толыққанды қолдау көрсетіледі. Оқиғаның мән-жайын құқыққорғау органдары тергеп жатыр, – делінген ҚР Жеке сот орындаушылары республикалық палатасының хабарламасында.  


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы