Жеке сот орындаушыларына жаңа міндет жүктелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  27 маусымында атқарушылық өндіріс және қылмыстық заңнамасының кейбір мәселесін жетілдіру мақсатында өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

4 тамызда "ANTIKOR LIVE" жобасы аясында "Шығыс – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен ШҚО Әділет Департаменті басшысының орынбасары Е. Қорабаев және Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Ә. Бейсенбаевтың қатысуымен ҚР "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Заңындағы өзгерістер" тақырыбында тікелей эфир өтті.

Бәріңізге мәлім биылғы жылдың 27 маусымында атқарушылық өндіріс және қылмыстық заңнамасының кейбір мәселесін жетілдіру мақсатында өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Өткен жылы 2 рет біздің өңірімізге мәжіліс депутаттары келіп ұсыныстар, талдау жасады. Біз де бірқатар ұсыныс бердік, олар заңнамаға енді. Атап айтқанда сот орындаушылары ең бірінші кезекте орындалатын маңызы бар санаттар. Оларға алимент, жалақы және мемлекет пайдасына өндіру сияқтылар ең бірінші қатарға енгізілді. Себебі, осы мәселе бойынша көптеген азамат департаментке шағым, арыздар, өтініштер береді. Сондықтан осы енгізілген заңға сай сот орындаушылары осы санаттар бойынша жұмыс атқарады. Осы заңды іске асыру мақсатында үшжақты меморандумға қол қойылды (Облыс әкімі тарапынан, Әділет министрлігі және Республикалық жеке сот орындаушылары палатасы тарапынан). Меморандумға сәйкес, алимент бойынша айтатын болсақ, борышкерлерді тек қылмыстық, әкімшіліктік жауапкершілікке тартып ғана қоймай, оларды жұмысқа тартуда көзделген. Мысалы, бізде қазір статистикаға сүйенсек, алимент бойынша 18 525 атқарушы өндіріс бар. Оларды біз бірнеше топқа бөлеміз: өз еркімен төлейтіндер, қарызы бар және мүлде төлемейтіндер. Олардың саны 382 адамды құрайды. Осы кісілермен жеке сот орындаушылары тікелей жұмыс істейді. Оларды жұмысқа орналастыру, тығыз қарым-қатынас жасауды еңбек инспекциямен бірлесе атқарамыз. Бос орындар жәрмеңкесі бойынша 70 адамды жұмысқа орналастырған болатынбыз. Биыл індетке байланысты жәрмеңке кейінге қалдырылды, алайда жеке сот орындаушылары хабарландыру арқылы 30 отбасыны жүйелі түрде тұрақты жұмысқа орналыстырдЫ, - деді ШҚО Әділет Департаменті басшысының орынбасары Е. Қорабаев.

Эфир барысында жобалық кеңсе жетекшісі М. Бахыт жеке сот орындаушыларының атқарып жатқан істері күрделі екенін атап өтіп, өзгерістер енгізілген заңнаманың өңірімізде тиімді іске асатынына қолдау білдірді.

Әрине дұрыс айтасыз, бізге азаматтардан көптеген шағым мен өтініш келіп жатады. Оның әрбіреуін біз жоғары жауапкершілікпен қараймыз. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында біз жүйені автоматтандырдық. Осы орайда біздің палата өзгерістер енгізілген заң бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деді Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Ә. Бейсенбаев.

Эфир соңында департамент басшының орынбасары Е. Қорабаев азаматтар үшін әрқашан ашық екенін айтып, әлеуметтік желі арқылы келген сауалдарға жауап берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы