ЖСН алғысы келетін шетелдіктер ХҚКО-ға жүгіне алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алғысы келетін шетелдіктер енді бұрынғыдай салық органдарына емес, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінуі тиіс,  деп хабарлайды Polisia.kz.

Сонымен қатар, бұрын ЖСН болған шетелдіктер, Қазақстан Республикасының бұрынғы азаматтары некеге тұруға, некені бұзуға, тегін, күнін, туған жерін өзгертуге байланысты өзінің сауалнамалық деректерін өзгерткен немесе дұрыс емес деректері бар ЖСН болған немесе тұруға ықтиярхаттың күшін жоюға байланысты көші-қон қызметі бөлімшелеріне жазбаша өтінішпен жүгінуі қажет, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қазбек Ахметов. 

Өтініштердің санатына байланысты өтінішке жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған аудармасы, неке қию немесе некені бұзу туралы, анықтамалық деректерді ауыстыру туралы куәлік қоса тапсырылады. ЖСН алғаш рет алатын шетелдіктер үшін қызмет “Электрондық үкімет” веб-порталында қолжетімді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы