Жеке құжаттың көшірмесін жасауға тыйым салынады
Бұдан былай ел азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттардың қағаз көшірмелерін жинауға және өңдеу тыйым салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы депутат Нұртай Сабильянов Мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді.
Айта кетерлігі, бүгін мәжілісмендер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлдаған болатын.
Заң жобасының басты мақсаты дербес деректердің қауіпсіздігінің бұзылмауын қамтамасыз етуге, уәкілітті органға мемлекеттік бақылау функциясын беруге, (уәкілетті реттеуші орган - Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің – Ақпараттық Қауіпсіздік Комитеті) және осы туралы жаңа ұғым енгізуге бағытталған. Сонымен қатар заңдарда тікелей қарастырылған жағдайларды қоспағанда (Олар: еңбекші көшіп келуші, иммигранты, бейрезидент), жеке басын куәландыратын құжаттардың қағаз көшірмелерін жинауға және өңдеуге тыйым салу нормалары қарастырылған. Бұл да азаматтардың дербес деректерін басқа мақсаттарда қолдануына жол бермеуін қамтиды, - деп атап өтті Мәжіліс депутаты заң жобасын талқылау барысында.
Заң жобасы 12 заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.
Сондай-ақ жұмыс тобы заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында өз жұмысын жалғастырады.